
Әйгерім Қалаубаева Нұрлан Әлімжановпен қандай қарым-қатынаста екенін айтты. Бұған жұлдыздарды жұрттың айыптай бастауы түрткі болды.
Тіпті, жұлдыздардың отбасына, балаларына аяушылық білдіріп жатқандар да табылып жатыр.
Әйгерім Нұрланға ғашық па?
Бұған екі әншінің әлеуметтік желідегі бірге түскен бейнежазбалары мен фотоларын жиі жариялауы түрткі болды. Ресми парақшаларындағы бейнежазбаларға қарағанда, Әйгерім Қалаубаева өзін әнші әрі актер Нұрлан Әлімжановқа ғашық секілді көрсетеді.
Актермен бірге түскен фотоларын жариялап, астына «күнім», «алтыным», «шапағатым», «махаббатым» деген сөздерді жазады.
Тіпті, жұрттың көбі екі жұлдыздың жарасымды жұп екенін айтып, бақыт тілеп жатқандар аз емес.
«Не ойларымызды білмей қалдық»
Десе де, Әйгерім Қалаубаева мен Нұрлан Әлімжановтың желідегі «махаббат хикаялары» көпшіліктің бәрінің бірдей көңілінен шығып жатқан жоқ. «Осы екеуі жұбайлар ма? Кім, не болды өзі? Не ойларымызды білмей қалдық», – деп аң-таң болып жатыр кейбіреулер. Өйткені, Әйгерім мен Нұрланның бір-біріне ғашық жұптар секілді ұдайы бірге жүруі күмәнді көрініп отыр.
«Осы әртістер отбасын тастап, бір-бірімен жүріп кете береді екен», «Балаларын аяймын, оларды неге ойламайды?» деп айыптаушылар да табылды.
Қалаубаеваның жауабы
Жұлдызды жұптарға қарым-қатынасын білу үшін «екеуіңіз жұпсыздар ма?» деп тікелей сауал тастағандар да бар.
Бұл сауалға Әйгерім Қалаубаеваның өзі жауап беруді ұйғарыпты. Ол Нұрлан Әлімжанмен жұп екенін жасырмады. Қалаубаева Нұрланмен арадағы қатынасын ашық айтты.
«Өмір емес,өнер жолында танысқан, жұптармыз тек тойларда табысқан», – деп жауап берді Әйгерім Қалаубаева парақшасында.
Айта кететін жайт, «Жігіттер» тобының әншісі Ердос Қанаев Нұрсұлтан ұстаз үшін дұға жасауды сұраған еді.