Аустралияны қалың қар басып қалды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Аустралияны қар басып, қыс түсті / фото: Х
Аустралияны қар басып, қыс түсті / фото: Х

Аустралияны – елдің шығысындағы бірнеше қаланы өткен демалыс күндері қар басып қалды. Мұндай қалың қар өлкеде бұрын-соңды жаумаған.  

3 тамызда билік төтенше ауа райы салдарынан тасқын, жол кептелісі болғанын хабарлады. Сонымен қатар, жарық та сөніп қалған.

Le Figaro ақпаратына қарағанда, сенбі күні Жаңа Оңтүстік Уэльстің солтүстігінде қардың қалыңдығы 40 см-ге жеткен. Бұл 1980 жылдардан бергі ең жоғары көрсеткіш болды. Ауа райы бюросының маманы Мириам Брэдберидің айтуынша, Квинсленд штатында да кей өңірлерге он жылда алғаш рет қар түскен.

Брэдбери климаттың өзгеруі Аустралиядағы ауа райын тұрақсыз еткенін айтқан. Бірақ мұндай құбылыстар тарихта бірнеше рет болған көрінеді. «Бұл жолғы ерекшелік – қардың көлемі ғана емес, оның кең аумақты, әсіресе солтүстік таулы аймақтарды толық жабуы», – деді ол.

Жаңа Оңтүстік Уэльстің төтенше жағдайлар қызметі 1455-тен астам оқиғаны тіркеді. Қар мен дауыл салдарынан жүзден аса көлік жолда қалып, ғимараттарға зақым келген. Мыңдаған үй жарықсыз қалды. Жергілікті полиция бір көліктің тасқын суына батып кеткенін мәлімдеді. 20 жастағы жолаушы қызды су ағып кеткен.

27 шілдеде Алматы тауларында 4000 метр биіктікте қар түскені хабарланды.

Сондай-ақ оқыңыз