Қант диабетіне шалдыққандарға дәрі-дәрмек енді берілмей ме

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
ДСМ қант диабетіне шалдыққандарға көмек болмайды деген ақпаратты терістеді /фото: shutterstock
ДСМ бұл ақпаратты терістеді /фото: shutterstock

Қант диабетіне шалдыққандарға дәрі-дәрмек енді берілмейді деген ақпарат жалған. Денсаулық сақтау министрлігі мұны жоққа шығарып отыр.

«Бұл күндері әлеуметтік желілерде қант диабетімен ауыратын пациенттер медициналық көмек пен дәрі-дәрмектерге қолжетімділік шектеулерге тап болады деген ақпарат таратылуда. Бұл шындыққа жанаспайды», – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

ДСМ ақпаратына қарағанда, Қазақстанда қант диабеті диагнозы қойылған диспансерлік есепте 535 мыңнан астам адам тұр. Оның ішінде 5 625 бала бар. Барлығы қажетті дәрі-дәрмектерді тегін ала алады.

Мемлекет қант диабетіне шалдыққан бір науқасқа – жағдайының ауырлығына байланысты жылына 618 теңгеден 6,5 млн теңгеге дейін жұмсайды. Жылына 46 млрд. теңге кетеді.

Тек бір ғана өзгеріс бар.  Келесі жылдың қаңтар айынан бастап қант диабеті кезінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету МӘМС жүйесі арқылы жүзеге асырылмақ. 

Мұның алдында қант диабетінің алғашқы белгілері жайында жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз