Жаңбыр, найзағай: 6 тамыз күнгі ауа райы
Жарияланды

6 тамыз күнгі ауа райы туралы синоптиктер болжам жасады. Қазақстанның солтүстік, шығыс және батыс өңірлерінде жаңбыр жауады.
Елдің солтүстігінде кей жерлерде қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ал оңтүстік пен орталықта жауын-шашынсыз болады.
Ауа температурасы өңірлер бойынша:
Солтүстікте: +9…+26 °C
Орталықта: +11…+29 °C
Оңтүстікте: +16…+35 °C
Шығыста: +5…+25 °C
Батыста: +19…+35 °C
Астанада бұл күні күн бұлтты. Бірақ жауын-шашынсыз болады.
Температура +16…+24 °C шамасында.
Желдің жылдамдығы – 3–8 м/с, бағыты ауыспалы.
Мұның алдында Аустралияны қар басып қалғаны туралы жазған едік.