Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Қазақстанның оңтүстігінде – Жамбыл және Түркістанда 2 баллдық жер сілкінісі тіркелді / фото: shutterstock
Қазақстанның оңтүстігінде – Жамбыл және Түркістанда 2 баллдық жер сілкінісі тіркелді / фото: shutterstock

Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінді. Астана уақытымен сағат 18:44-те тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы – Қырғызстан аумағында.

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Жер сілкінісі 408 шақырым қашықтықта, Алматы қаласының оңтүстік-батысында орналасқан. Эпицентр координаттары: 41.310 с.е. және 72.690 ш.б. Магнитудасы – MPV 5.9, энергетикалық класы – 13.1», – делінген хабарламада.

Сейсмикалық толқындардың әсері Жамбыл және Түркістан облыстарының бірқатар елді мекендерінде сезілді. Барлық аймақтарда дүмпудің есептік күші – 2 балл.

Жалпы елімізде жылына 7 мыңға дейін, кейде 10 мыңнан астам жер сілкінісі тіркеледі.

Сондай-ақ оқыңыз