Қытай мектепке дейінгі білімді кезең-кезеңімен тегін етпек

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Қытай балабақшаларды тегін етуді жоспарлап отыр / фото: Shutterstock
Қытай балабақшаларды тегін етуді жоспарлап отыр / фото: Shutterstock

Қытай мектепке дейінгі білім беруді тегін ету және мемлекеттік мектептерде бала күтімі мен білім үшін төлемді алып тастау туралы жариялады.

2024 жылы Қытайда дүниеге келген сәбилер саны 2016 жылмен салыстырғанда екі есе аз болады деп күтіліп отыр. Сол жылы Бейжің «бір отбасы – бір бала» саясатын тоқтатқан.

Le Monde басылымының ақпаратына қарағанда, Демографиялық үлгілерге сәйкес, 2100 жылға қарай Қытай халқының саны қазіргі 1,4 миллиардтан шамамен 800 миллионға дейін азаюы мүмкін.

Демографиялық дағдарыс қаупі аясында Қытай 5 тамызда келесі жылдан бастап мектепке дейінгі білімді кезең-кезеңімен тегін ету туралы хабарлады.

«2025 жылдың күзгі семестрінен бастап мемлекеттік мектепке дейінгі мекемелерде соңғы оқу жылындағы балалар үшін күтім мен оқуға төлем алынып тасталады», – деп мәлімдеді Мемлекеттік кеңес.

Сондай-ақ, «мектепке дейінгі білімді біртіндеп тегін ету жоспары» айтылды.

Өткен аптада Қытай үкіметі үш жасқа дейінгі әр бала үшін ата-аналарға жыл сайын 420 еуро көлемінде жәрдемақы төленетінін мәлімдеді. Бұл шара тұтынуды ынталандыру және күшейіп келе жатқан демографиялық дағдарыстың алдын алу мақсатында қолға алынған.

Соңғы жылдары Қытай халқының саны азаюда. Өткен жылы Қытайда 9,54 миллион туу тіркелген. Бұл 2016 жылғы көрсеткіштен екі есе аз. Дәл сол жылы Бейжің отыз жылдан астам уақыт бойы жалғасқан «бір отбасы — бір бала» саясатын тоқтатқан болатын.

 Сондай-ақ Қытай билігі үш жасқа дейінгі әрбір балаға жыл сайын 3600 юань (502 доллар) бөліп отырмақ.

Сондай-ақ оқыңыз