Трамп Путинді тоқтату үшін мұнай бағасын 10 долларға дейін түсірмек

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Дональд Трамп пен Владимир Путин / фото: shutterstock
Дональд Трамп пен Владимир Путин / фото: shutterstock

Трамп Путинді тоқтату үшін мұнай бағасын 10 долларға дейін түсірмек. Оның ойынша, энергия бағасы арзандаса, Путинді соғысты тоқтатады.

ВВС ақпаратына қарағанда, АҚШ президенті бұл пікірін CNBC телеарнасына берген сұхбатында айтты.

«Егер энергия тасымалдаушылар бағасы жеткілікті деңгейде арзандаса, Путин адамдарды өлтіруді тоқтатады», – деді Трамп сұхбат барысында.

Жұма күні Трамптың Владимир Путинге Украинадағы атысты тоқтату жөніндегі ультиматумы аяқталады. Қабылданбаған жағдайда, АҚШ президенті елге жаңа санкциялар енгізіп, Ресеймен серіктес мемлекеттерге 100% кедендік тариф салуға уәде берген.

 «Егер мұнай бағасы барреліне тағы 10 долларға төмендесе, оның таңдау мүмкіндігі қалмайды, себебі оның экономикасы мүшкіл жағдайда», – деді Ақ үй қожайыны.

Осылайша, Трамп Путинді тоқтататын амал тапқанын айтты.

Трамптың айтуынша, алдағы 24 сағат ішінде ол Үндістаннан импортқа салынатын баж салығын қазіргі 25%-дан едәуір арттырмақ. Бұл шешім Үндістанның Ресей мұнайын сатып алуын жалғастыруына байланысты қабылданады.

Мұның алдында АҚШ президенті Ресейдің сауда серіктестеріне де санкция салатыны туралы мәлімдеген еді. Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев  бұған қатысты пікір білдірген еді.

Сондай-ақ оқыңыз