Қазақстанда автогаз 10 теңгеге қымбаттады

2025 жылғы 1 тамыздан бастап Қазақстанда сұйытылған мұнай газының (автогаз) бөлшек саудадағы төменгі бағасы қымбаттады. Бұл туралы Энергетика министрлігінің жарлығында айтылды. Құжат Үкіметтің заңнама банкінде жарияланды.
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов қол қойған құжатқа сәйкес, автогаз бағасы Астана мен Алматы қалалары үшін 9,8%-ға қымбаттап, бір литрі 102 теңгеден 112 теңгеге дейін көтерілді. Шымкент қаласы үшін 13,3%-ға артып, 102 теңге болды. Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстанда автогаздың литрі 85 теңге тұрады. Ең арзан баға Маңғыстау облысында – 72 теңге.
Қазақстанның ірі қалалары мен өңірлеріндегі автогаз бағасы қалай өзгергенін төмендегі кестеден біліңіз:
№ | Атауы | Өңірлер | 1 литр автогаз бағасы | Шалғай аудандар үшін |
1. | Сұйытылған мұнай газы | Астана қаласы | 112 | – |
2. | Алматы қаласы | 112 | – | |
3. | Ақтөбе облысы | 85 | 90 | |
4. | Атырау облысы | 85 | 90 | |
5. | Ақмола облысы | 112 | 117 | |
6. | Алматы облысы | 112 | 117 | |
7. | Шығыс Қазақстан облысы | 112 | 117 | |
8. | Жамбыл облысы | 102 | 107 | |
9. | Батыс Қазақстан облысы | 85 | 90 | |
10. | Қостанай облысы | 112 | 117 | |
11. | Қызылорда облысы | 102 | 107 | |
12. | Қарағанды облысы | 112 | 117 | |
13. | Маңғыстау облысы | 72 | 77 | |
14. | Павлодар облысы | 112 | 117 | |
15. | Солтүстік Қазақстан облысы | 112 | 117 | |
16. | Түркістан облысы | 102 | 107 | |
17. | Шымкент қаласы | 102 | – | |
18. | Абай облысы | 112 | 117 | |
19. | Жетісу облысы | 112 | 117 | |
20. | Ұлытау облысы | 112 | 117 |
Сонымен бірге Энергетика министрлігі сұйытылған мұнай газының көтерме бағасын да жыл аяғына дейін 15%-ға көтерді. Енді ол 59 722 теңге тұрады.
Автогаз — сұйытылған мұнай газы, оны автокөліктер отын ретінде пайдаланады. Ол протан мен бутан газдарының қосындысы. Газ қысым арқылы сұйық түрінде сақталады. Автогаз бензин немесе дизель секілді отын түрлерінен арзан.
Қазақстан қалаларында Аи-92 маркалы бензин 202 теңден басталып, 222 теңгеге дейінгі аралықта сатылып жатыр. Үкімет бензиннің бөлшек саудасының төменгі бағасын реттеуден бас тартқан соң, осы маркалы отынның бір литрі 17 теңгеге қымбаттаған.