Трамп Қазақстанға Ресеймен байланысы үшін санкция сала ма

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Business News бөлімінің тілшісі
коллаж: Kursiv.Media, бильд-редактор Ахтам Зиперов
коллаж: Kursiv.Media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев АҚШ президенті Дональд Трамптың Ресейдің сауда әріптестеріне де санкция салатыны туралы мәлімдемесіне жауап берді.

5 шілдеде Астанада үкімет отырысынан кейінгі баспасөз конференциясында сауда министрі Арман Шаққалиев журналистермен тілдесті. Брифингте шенеунікке Трамп мәлімдемесі туралы да сауал қойылды.

«Ресей біздің ірі сауда серіктесіміз. Онымен әрі қарай жұмыс істей береміз. Ал енді санкцияларды айналып өтетін схемалар бар болса, бізге қатысты сауал туындайды. Ондай мәселе жоқ. Еуроодақпен де, АҚШ-пен де диалог орнатып отырмыз», – деп мәлімдеді Шаққалиев.

Министрдің айтуынша, Қазақстан саудаға қатысты халықаралық міндеттерін толық орындап отыр. Республиканың мақсатымыз – осы міндеттерді бұзбай сақтау.

Естеріңізге сала кетейік, 28 шілдеде Трамп Ресей президенті Владимир Путиннен «көңілі қалғанын» мәлімдеген. Ақ үй қожайыны соғысты доғаруға қатысты ультиматум мерзімін бұған дейінгі 50 күннен 10 күнге қысқартқан.

Талап мерзімі 8 шілдеде түгесіледі. Үш күннің ішінде Украинадағы соғысты аяқтала салуы екітайлай.

Бұның алдында Трамп Ресейге ғана емес, оның басты сауда әріптстеріне де санкция енгізетінін мәлімдеген. Қазақстан көршілес осы елдің басты сауда серіктестерінің бірі екені мәлім. 1 тамызда АҚШ Қазақстан экспортына баж салығын 25%-ға көтергені мәлім.

Жақында ғана, 31 шілдеде америкалық сенатор Линдси Грэм Ресейден мұнай-газ сатып алып, Украинаға көмектеспеген елдерге 500% баж салығын енгізуді ұсынған. Сенатор осындай елдер деп Үндістан мен Қытайды атаған. Қазір Трамп Нью-Делимен сауда соғысын жүргізіп жатыр. Әзірге Қазақстанға да қосымша санкция енгізетіні туралы ешқандай мәлімет жоқ.

Алайда тамыздың басында баспасөзде Трамптың Қазақстанды да Авраам келісіміне қосқысы келетіні туралы ақпараттар жариялана бастады.

Сондай-ақ оқыңыз