Жаңалықтар

Қазақстанда ана мен нәресте өлімі айтарлықтай азайды – министр

2025 жылы 6 айда өлімінің көрсеткіші 10%-ға төмендеді / Фото: shutterstock

Қазақстанда ана мен нәресте өлімі азайып келе жатыр. Қайғылы жағдайлардың төмендеуіне Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) мен ЮНИСЕФ-тің перинаталдық көмекті өңірлендіру және ана қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған тиімді технологиялары бойынша ұсыныстарын енгізу себеп болып отыр.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың мәліметінше, 2024 жылы ана өлімінің көрсеткіші 12%-ға төмендеген (100 мың тірі туған нәрестеге шаққанда 10,1 жағдайды құрады). Ал нәресте өлімі 11%-ға азайды (1000 тірі туған сәбиге шаққанда 6,88 жағдай).

2025 жылдың алғашқы алты айының қорытындысы да жағымды. Осы кезеңде ана өлімінің көрсеткіші тағы 10%-ға, ал нәресте өлімі бірден 26%-ға төмендеген.

Айта кетейік елімізде кесар тілігі арқылы бала туу көбейді. Мәселен, 2000-жылдарға дейін орта есеппен жалпы сәби дүниеге келген жағдайда тек 6-7%-ына ғана ота жасалған.