Енді ауыр босанған аналар арнайы пансионатқа барып толық күтіне алады

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі

Енді ауыр босанған әйелдер пансионатқа барып, толық күтіне алады. Сол үшін елімізде оңалтуға арналған «Салауатты Ана» пансионаттары ашылып жатыр. Бұл туралы  Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтты.

«Шалғайдағы ауылдық мекендердегі  тәуекелі жоғары қауіп тобындағы жүкті әйелдерді алдын ала емдеуге  жатқызу, сондай-ақ асқынған босанудан кейінгі кезеңде әйелдерді оңалтуға арналған «Салауатты Ана» пансионаттары ашылуда»,–деп мәлімдеді министр Үкімет отырысында.

Әлназарова пансионаттар қазірдің өзінде Түркістан, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарында ашылып, жүктілерге қызмет көрсетіп жатқанын айтады. Министр басқа өңірлердің әкімдеріне де жыл соңына дейін облыс орталықтарында осындай пансионат ашу мәселесін шешуді сұрады.

Сондай-ақ министр Қазақстанда ана мен нәресте өлімі азайып келе жатқанын айтты.   2025 жылдың алты айында ана өлімінің көрсеткіші 10%-ға, ал нәресте өлімі бірден 26%-ға төмендеген.

Сондай-ақ оқыңыз