
1 тамыздан бастап Қазақстанда Geely маркасының екі моделі айтарлықтай арзандағаны байқалады. Танымал Emgrand седаны мен шағын Coolray кроссовері тиісінше 2,6 млн және 3,8 млн теңгеге арзандады. Бағалар барлық жиынтықтарға қатысты төмендегенін брендтің ресми дистрибьюторы растады.
Дистрибьютор директоры Регина Амерханова бағаның түзетілуі дистрибьютор мен автозауыттың бірлескен бағдарламасы аясында қабылданғанын айтады.
«Қазіргі нарықтық жағдайда көптеген автоконцерндер бағаларын көтеріп жатқанда, біз керісінше, заманауи әрі технологиялық Geely көліктерін барынша көп адамға қолжетімді етуді көздеп отырмыз», – деді ол.
Енді 2025 жылғы Emgrand бағасы 7,7 млн-нан 9,8 млн теңге аралығында болады. Ал жаңа Coolray 9,9-дан бастап 12,2 млн теңге дейін болады.
Осыған дейін Geely компаниясы Monjaro кроссоверінің жаңартылған нұсқасын дайындап жатқанын хабарлады. Автокөлік 272 ат күшіне ие қозғалтқышпен жабдықталады. Бұл қазіргі нұсқадан 34 ат күшіне артық.