Берденов қызметінен кете ме – Шымкент әкімінің орынбасары жауап берді

Жарияланды
Берденов қызметінен кете ме/фото: facebook.com

Шымкент әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек журналистердің «қала әкімінің орынбасары Руслан Берденов орнында қала ма? Әлде қызметтен кету жоспары бар ма?» деген сұраққа жауап берді.

«…Кадрлық ауыс-түйіс үнемі болады. Тек оның деңгейі жоғарғы, орта, төмен деңгейде болуы мүмкін. Бұл қалыпты жағдай. Бұған қатысты мемлекет тарапынан бекітілген арнайы талаптар бар. Бір орында 4 жыл жұмыс істеуі керек. 4 жылдан кейін нақты бір уақытқа бекітілуі керек немесе жұмыс орнын ауыстыруы керек», – деді Құранбек.

Ол бұл сұраққа нақты жауап бере алмайтынын жеткізді.

«Бұл туралы нақты айта алмаймын. Шешім менің деңгейімде емес, жоғарғы деңгейде қабылданады», – деді Сәрсен Құранбек.

Айта кетейік, 2025 жылдың 6 тамызында Шымкентте Руслан Берденовке оқ атқан Ернар Жиембайдың ісі бойынша басты сот талқылауы басталды. Жиембай бұл жағдайға жұмыстың қатысы жоқ екенін, қызғаныштан болғанын айтты.

Сондай-ақ Берденовті өлтіру ойы болмағанын жеткізді. Берденов өзіне оқ атқан Ернар Жиембайдың соттағы жауабына қатысты пікір білдірді.

Ернар Жиембайдың ісі сотқа қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» (99-баптың 1-бөлігі) бабы және «Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу» бабымен (24-баптың 3-бөлігі) түскен.

Сондай-ақ оқыңыз