Жаңалықтар

«Бұған себеп қызғаныш»: Берденовке оқ атқан жігіт сотта сөйледі

«Бұған себеп қызғаныш»: Берденовке оқ атқан жігіт сотта сөйледі / Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қатысты іс бойынша басты сот талқылауын бастады. Бүгін сот айыпталушыны тыңдайды.

Іс бойынша айыпталушы деп қалалық тұрғын үй басқармасына қарасты «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС-ның бұрынғы директоры 31 жастағы Ернар Жиембай танылған. Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қатысты іс бойынша басты сот талқылауын бастады. 

Айыпталушы Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабы және «Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу» бабымен айыпталып отыр. Ол айыпты ішінара мойындайтынын айтты. Бірақ оқты қорқыту мақсатында атқанын, бірақ істі адам өлтіруге оқталу бабымен сараланғанымен келіспейтінін жеткізді.

«Ең басты мәселеден бастайын. Өкінемін, бұған себеп қызғаныш. Ар-ұжданым, намысым деп айталамын. Жұмысқа қатысы жоқ», – деді ол жауап беру басында.

21 сәуір күні кешке Шымкент қаласы әкімдігі ғимараты алдында қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовтің бірнеше жеріне оқ тиіп, ауыр жарақат алған. Қалалық тұрғын үй басқармасына қарасты «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС-ның бұрынғы директоры Ернар Жиембай күдікке ілінген. Полиция оны оқиға орнында ұстап, қамауға алған.