Грант иегерлерінің тізімі 7 тамызда жарияланады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Грант тізімі қашан жарияланатыны айтылды/фото: kursiv.media архиві

Мемлекеттік грант иегерлерінің тізімі 7 тамызда жарияланады. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек хабарлады.

«Күні кеше ғана мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссия отырысы аяқталды. Сәйкесінше, сіздер тағатсыздана күткен мемлекеттік грант иегерлерінің тізімі ертең, яғни 7 тамыз жарияланатындығын қуана хабарлаймын», – деп жазды министр.

Грант нәтижесін қайдан көруге болады

Министр грант нәтижесін білуге болатын бірнеше сілтемені бөлісті:

https://t.me/SayasatNurbek

https://t.me/gylym_jogary_bilim

https://www.gov.kz/memleket/entities/sci?lang=kk

testcenter.kz

Техникалық мамандыққа көп грант бөлінген

2025-2026 оқу жылына 77 мыңнан астам грант бөлінді. Оның басым бөлігі техникалық бағыттағы мамандықтарға бөлінген – 60%. 20%-ы педагогикалық мамандықтарға, ал қалған 20%-ы қажеттілікке байланысты әртүрлі салаға жіктелген.

Сондай-ақ оқыңыз