Биыл гранттың 60%-ы техникалық мамандықтарға бөлінді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Биыл 77 мыңнан астам грант бөлінді/фото: shutterstock

2025-2026 оқу жылына 77 мыңнан астам грант бөлінді. Оның басым бөлігі техникалық бағыттағы мамандықтарға бөлінген – 60%. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады.

20%-ы педагогикалық мамандықтарға, ал қалған 20%-ы қажеттілікке байланысты әртүрлі салаға жіктелген.

Грант бөлу кезінде квоталық категориялар ескерілген. Арнайы квоталар қарастырылды:

  • жетім балалар немесе мүгедектігі бар балаларға;
  • көп балалы және толық емес отбасынан шыққан балаларға;
  • мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыдан шыққан балаларға.

«Бұл категориялардың ерекшелігі – бұл квота түрі бойынша талапкер конкурсқа қатысатын болса, өзінің квота шеңберінде және жалпы конкурс бойынша да грант конкурсына қатысу мүмкіндігі бар», – делінген ақпаратта.

2024 жылы алғаш рет 300 сараланған грант бөлінген. Биыл да дәл осы көлемде бөлінеді. Яғни, 150 грант педагогикалық мамандықтарға, ал қалған 150 грант жаратылыстану бағытындағы білім беру бағдараламаларына бөлінеді.

«Сараланған гранттың конкурсы негізгі конкурстан кейін бөлек өтеді. Ол үшін қосымша құжат тапсырудың қажеті жоқ. Барлық дерек ұлттық тестілеу орталығының базасында сақталған. Сараланған грант иегерлерінің тізімі қыркүйектің соңында жарияланады», – деп хабарлады министрлік.

Грант иегерлері тізімін мына жерден біле аласыз.

Сондай-ақ оқыңыз