Jah Khalib қызының денсаулығына байланысты концерт өткізбейтін болды

Жарияланды 6 Тамыз 2025 20:18

Айгерім Таубай

Айгерім Таубай

General News бөлімінің тілшісі a.taubay@kursiv.media
Jah Khalib концерт бермейтін болды/фото: Instagram

Jah Khalib Қазақстандағы концерттерін өткізбейтін болды. Ол тыңдармандары күтуге дайын болса, кейін өткізе алатынын жазған.

Репердің айтуынша, бұған жаңа туған нәрестесінің денсаулығы себеп болған.

«Өкінішке қарай осы турды тоқтатуға немесе кейінге шегеруге мәжбүрмін.  Жаңа туған қызымның операциядан кейінгі жағдайы өте ауыр болып тұр. Бар күшімді жинауға тырысқаныммен, сахнаға шығуға шамам жетпейді», – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Дәл қазір менің әйеліме менің қолдауым аса қажет, сондықтан оның жанында болуым керек, деді ол.

Сондай-ақ оқыңыз