Жаңбыр жауып, дауыл соғады: 7 тамызға ауа райы болжамы

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
7 тамызға ауа райы болжамы/фото: kursiv.media архиві

7 тамызда республиканың басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Күндіз солтүстікте қатты жаңбыр, бұршақ жауып, дауыл болады.

Тек елдің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығыста жауын-шашын жаумайды. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстігінде шаңды дауыл, түнде және таңертең елдің солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Ірі қалалардағы ауа райы

7 тамызда Астанада +25…+27 градус ыстық болады. Жаңбыр жауады деп болжанды. Желдің жылдамдығы – 914 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.

Алматыда +30…+32 градус ыстық болады. Күн бұлтты, жел жылдамдығы – 3-8 м/с.

Шымкентте +36…+38 градус ыстық болады. Жел жылдамдығы – 8-13 м/с.

7 тамызға ауа райы болжамы

Күндіз Маңғыстау облысында 38-40 градус қатты ыстық болады. Атырау облысында 35-38 градус қатты ыстық болады. Облыстың оңтүстігінде 41 градус ыстық болуы мүмкін.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарының оңтүстігінде 35-37 градус қатты ыстық болады, Алматы облысының батысында, солтүстігінде 35 градус ыстық болады деп болжанды.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстікте, орталығында, Атырау облысының оңтүстігінде, батысында, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында, батысында жоғары өрт қаупі жоғары.

Түркістан, Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, Алматы облысында, Қызылорда облысының оңтүстік жартысында, Жамбыл облысының солтүстігінде, батысында, шығысында, Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды Ұлытау облыстарының оңтүстігінде, Абай облыстың оңтүстігінде, орталығында, Батыс-Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Құрғақшылық болатын өңірлер

Қазгидромет болжамына сәйкес, тамызда еліміздің бірнеше өңірінде құрғақшылық болуы мүмкін.

Синоптиктер болжамына сәйкес, Батыс Қазақстан облысының Жәнібек, Жанғала, Ақжайық, Қаратөбе және Бөкейорда аудандарында құрғақшылық болады.

Сондай-ақ бұл тізімде бар:

  • Ақтөбе облысының Шалқар және Ырғыз ауданы;
  • Қостанай облысының Амангелді және Жангелді ауданы;
  • Қарағанды облысының Ақтоғай ауданы;
  • Абай облысының Аягөз және Үржар ауданы;
  • Алматы облысының Балқаш және Жамбыл ауданы;
  • Қызылорда облысының Арал, Қармақшы, Шиелі ауданында және Қызылорда қаласы;
  • Атырау облысының Махамбет, Исатай, Дамбин, Қызылқоға ауданы,
  • Маңғыстау, Жамбыл, Түркістан және Ұлытау облыстарының басым бөлігінде құрғақшылық болады.
Сондай-ақ оқыңыз