Қант диабетімен ауыратындар ем алуы үшін МӘМС жүйесінде сақтандырылуы қажет

Жарияланды 6 Тамыз 2025 14:40

Айгерім Таубай

Айгерім Таубай

General News бөлімінің тілшісі a.taubay@kursiv.media
Қант диабеті бар науқастар үшін не өзгереді/фото: gov.kz

Жаңа жылдан бастап қант диабеті бар науқастарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету МӘМС жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, бұл өзгеріс науқастардың басым бөлігіне әсер етпейді.

Не өзгереді?

Енді қант диабеті МӘМС пакеті аясында қаржыландырылады. Яғни, диабетпен ауыратын науқастарға көмек енді тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі арқылы емес, сақтандыру бойынша көрсетіледі.

Науқастардың 96 пайызы сақтандырылған

«Қант диабетіне шалдыққан науқастар үшін ештеңе өзгермейді. Науқастардың 96 пайызы сақтандырылған. Қалған 1 500 адам сақтандырылмаған. Олар жұмыс істесе, жарна төленеді. Жұмыссыз болса, биржаға барып тіркелуі керек. Сонда «жеңілдігі бар азаматтар санатына» кіргізіледі», – дейді МӘМС жүйесін жетілдіру және талдау департаментінің директоры Ләззат Шоманова.

Айта кетейік, қазір елімізде қант диабеті диагнозы қойылған диспансерлік есепте 535 мыңнан астам адам, оның ішінде 5 625 бала тұр.

Бұған дейін министрлік қант диабетіне шалдыққандарға дәрі-дәрмек енді берілмейді деген ақпаратты жоққа шығарды.

Сондай-ақ оқыңыз