+40°С-тық аптап қайта оралады

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
+40°С-тық аптап қайта оралады
+40°С-тық аптап қайта оралады/Фото: shutterstock

Қазгидромет оңтүстік өңірлерге қайтадан ыстық келетінін хабарлады.

Синоптиктер ыстықтан аз ғана үзіліс берген салқын ауа массалары ұзаққа созылмайтынын атап өткен.

8 тамыздан бастап Иран аймақтарынан Қазақстанның оңтүстігіне қайтадан жылы әрі құрғақ ауа массалары келе бастайды. Бұл күндізгі ауа температурасының +35…+41°С дейін көтерілуіне әкеледі деп күтіліп отыр.

Ал солтүстік өңірлерде керісінше, суық ауа массаларының ықпалы сақталады. Сондықтан жаңбыр, найзағай, кей жерлерде қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсуі мүмкін.

Бұған дейін, тамыз айында қай өңірде құрғақшылық болатыны туралы жазғанбыз.

Сондай-ақ оқыңыз