Анасынан енді бала таппауды жалынып сұраған қыз бала желіні жарды

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Анасынан енді бала таппауды жалынып сұраған қыз бала желіде танымал болды
Анасынан енді бала таппауды жалынып сұраған қыз бала желіде танымал болды/Фото: Видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде уақыты бала бағумен өтіп жатқанына ызаланып жылаған қыз баланың видеосы кеңінен тарап жатыр.

Қыз баланың ашуланып айтқанын анасы түсіріп алған. Видеода ол анасынан ендігәрі тумауды сұрайды. Өйткені үйдің кішкентайын бағып, ешқайда шыға алмайтынын, ал басқа балалары қалаған жағына баратынын айтады.

«Мынаның кесірінен ауылға, ана жаққа бара алмаймын. «Ана жаққа керексің, мына жаққа керексің». Ерасыл рақаттанып жүр. Мен отырмын мына жақта «а болды, а болды» деп. Ал аналар жүреді… Тумай-ақ қойыңызшы енді, мынаның өзі жеткілікті маған», – деген ол нағашы апасының ауылына бара алмай жүргенін айтады.

Баласының қылығына риза болған анасы қызын ауылға апаратынын айтып жұбатады.

Видеоға жазылған комментарийде қыз баланының тәтті қылығын атап өтіп, риза болып жатқандар да, бұл «әр үйдегі үлкен баланың басында бар мәселе» екенін айтып «қыздың балалық шағын құртты» деп жатқандар да бар. Көріністен қыздардың тұрмыс құрып, балалы болғысы келмеуінің бір себебін осындай жағдайлармен байланыстырушылар да аз емес. «Баланы өзің таптың ба, өзің қара» деп аналарды сөгушілер де көп.

Бұған дейін, отбасылық блог жүргізетін қазақстандық блогерлер туралы жазғанбыз.

Сондай-ақ оқыңыз