Қазақстандықтар концерт қарсаңында Дженнифер Лопес туралы интернеттен не іздеген

Әйгілі әртіс Дженнифер Лопестің Астана мен Алматыдағы концерті қарсаңында әртіс туралы интернет желісінен іздеушілер саны күрт артқан. Мұндай деректі Yandex Qazaqstan аналитиктері ұсынып отыр.
Олар 2024–2025 жылдардағы іздеу жүйелеріндегі сұрауларды зерттеп, қазақстандықтардың Лопеске деген қызығушылығы қалай өзгергенін және олар әнші туралы нені білгісі келгенін анықтаған.
Іздеу сұрауларына қарағанда, биылғы көктемге дейін Дженнифер Лопеске деген қызығушылық шамамен бір деңгейде сақталған. Ал сәуір айында Астанадағы концертке билет сатылымы басталған кезде қызығушылық күрт артқан. Наурызбен салыстырғанда, әнші іздеу жүйесінде 8,5 есеге көп ізделген.
Қазақстандықтар ең жиі қойған сұрақтар концертке қатысты болған. Мәселен, концерт қашан өтеді, қайда болады және билетті қалай сатып алуға болады деген сияқты. Танымал сұраулардың ішінде: Астанада Джей Ло концертіне билет сатып алу, Дженнифер Лопестің Астанадағы концерті қашан, концерт JLo Астана қайда өтеді деген секілділер де бар.
Тағы бір жиі қойылған сұрақ түрі – Дженнифер Лопестің фильмдері туралы. Қолданушылар әсіресе «Атлас», «Ана» және «Табынушы» фильмдерін іздеген. Олар сұранысты былай сипаттаған: «Дженнифер Лопес 2024 фильм қызы мен бірге ғашығынан қашатын фильмді қайдан көруге болады«. Сонымен қатар, әншінің әндері де жиі ізделген.: «Jenny from the block», «In the morning», «Quizás, quizás, quizás».
Дженнифер Лопестің бұрынғы күйеуі Бен Аффлек туралы да іздеушілер болған. Бұдан бөлек, Версачесән үйінің жасыл көйлегі де қызығушылық тудырған.
Дженнифер Лопестің Астанада 1 тамыз күні өткен концертінде Астана Арена лық толған. Ұйымдастырушылар концертке 25 мың адам келетінін айтқан болатын. Әншінің сахналық киімдерін қазақстандық дизайнерлер дайындаған. Әншінің Алматыдағы концерті 10 тамыз күні өтеді.