Қазақстан маусым айында 7 тонна алтын сатып алған

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Золотые слитки
Қазақстаннеге алтын сатып алып жатыр Фото: kursiv.media архиві

2025 жылдың маусым айында әлемнің орталық банктері жалпы көлемі 22 тонна алтын сатып алды. Бұл — Халықаралық валюта қоры мен басқа да ашық дереккөздерге сүйенген Дүниежүзілік алтын кеңесінің (World Gold Council) дерегі.

Маусымда ең ірі сатып алушы Өзбекстанның Орталық банкі болды. Өзбектер бір айла 9 тонна алтын алып, бұған дейінгі төрт ай қатарынан жүргізген сатылымды тоқтатты.

Қазақстанның Ұлттық банкі де алтын қорын 7 тоннаға арттырды.

Маусымдағы ең ірі алтын сатушы — Сингапур

Алтын қоры азайған елдердің ішінде Сингапур көш бастап тұр. Бір айла елдің Валюта басқармасы (MAS) 6 тонна алтын сатты.

Қазақстан жарты жылда үздік үштікке енді

2025 жылдың қаңтар-маусым аралығында әлемдік орталық банктер 123 тонна таза алтын сатып алған. Бұл – 2024 жылдың алты айымен салыстырғанда сәл аз (130 тонна болған).

Жартыжылдық қорытынды бойынша, ең ірі сатып алушы — Польша ұлттық банкі (67 тонна). Екінші орында Әзербайжанның Мемлекеттік мұнай қоры тұрса (SOFAZ) (35 тонна), ал үшінші орында Қазақстан Ұлттық банкі (22 тонна) келеді.

Сарапшылар не дейді?

Дүниежүзілік алтын кеңесінің сарапшысы Кришан Гопаулдың айтуынша, орталық банктердің алтынға деген сұранысы геосаяси және экономикалық белгісіздік жағдайында стратегиялық қор құрудың бір жолы ретінде сақталып отыр.

Алтын тәуекелдің алдын алу және валюталық резервтерді әртараптандырудың сенімді құралы ретінде бағаланып келеді.

Ұлттық банк дерегінше, Қазақстанның алтын-валюта қоры 51,8 млрд долларда асады. Мамыр айында Ұлттық банктің алтын-валюта резервтерінің ішінде алтын қоры $31,6 млрд деңгейіне жетіп, тарихи рекорд орнатты. Мамыр айында бұл көрсеткіш 2,8% өсіп, 865 млн долларға артқан. Жыл басынан бері Ұлтты банк резервіндегі алтын құны 32,7%-ға өскен.

Сондай-ақ оқыңыз