«Жала жауып отыр» – Амантай қажы өзіне тағылған айыпқа жауап берді

Желіде Амантай қажы Асылбековтің бір әйелді баспалдақтан итеріп жіберген видеосы қызу талқыға түскен еді.
Оқиғағаның қалай болғанын KursivMedia тілшісіне Амантай қажының өзі айтып берді.
Бәрі өтірік, ешнәрсе болған жоқ. Мен үнемі Стадионға барам. Сол жерде Биғайша деген әйел мас күйінде алдымнан шығып, «ооо» деп құшақтай жөнелді. Мен қажы адаммын, ондай әрекетке қарсымын. Қолын қағып жібердім, ол «ой» деп құлап қалды. Қасында бір жігіт болды, соған «көтер» дедім. Бірақ оның ойы басқа сияқты. Менің жауым көп қой, қандай ойы бар екенін білмедім – деді Амантай қажы.
Ол ешкімге қол көтермегенін айтып, бұл жағдай өзіне қарсы жасалған жала екенін жеткізді.
Мен оны ұрған жоқпын. Кейін ауруханаға да бардым, журналистер де келді. Көрді, ештеңе болмағандай шай ішіп отыр, – деді қажы.
Еске сала кетейік, ссы жағдайға байланысты Алматы қаласы Алмалы аудандық полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 107-бабы – «Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру» бойынша қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.
Полицияның мәліметінше, оқиға бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалған. Сараптама нәтижелері шыққаннан кейін істің тағдырына қатысты процессуалдық шешім қабылданады.