Backstreet Boys тобы қазақстандықтарға сәлем жолдады (видео)

Жарияланды 6 Тамыз 2025 12:08

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Backstreet Boys тобы қазақстандықтарға сәлем жолдады / фото: архив kursiv.media

Аты аңызға айналған Backstreet Boys тобы алғаш рет Қазақстанда өнер көрсетпек.

Осыған орай топ мүшелері қазақстандық көрермендерге арнайы сәлем жолдап, өз толқыныстарын жеткізді.

«Сәлем, Қазақстан! Біз, Backstreet Boys тобы еліңізде алғаш рет өнер көрсететінімізге қуаныштымыз. 19 және 21 қыркүйек күндеріне билет алып үлгеріңіздер. Сіздермен кездесуді асыға күтеміз», – деді топ мшелері.

Музыкалық кеш барысында тыңдармандар әлемдік хиттерге айналған I Want It That Way, As Long As You Love Me, Everybody және басқа да әндерді жанды дауыста тыңдай алады.

Backstreet Boys — әлемдік поп-музыка тарихындағы ең табысты бойз-бендтердің бірі. 19 қыркүйек күні Алматының Орталық стадионында өтсе, 21 қыркүйек Астана аренада өтеді.

Сондай-ақ оқыңыз