
Баян Алагөзова «тәңіршілдікті қолдады» деген сынға қалды. Жамағат Тұрсынғали Алагөзовтің бизнесіне бойкот жариялап жатыр.
Имам Данияр Кенжеұлы бойкот жариялауының себебін тағы да түсіндіріп өтті.
«Мың жылдан аса дәуірді жоққа шығарды»
«Қазақ мұсылман болмаған» деген сөздің салмағын түсінетіндер бар, түсінгісі келмейтіндер де бар. Тарихты жалаң айтып, ұлттың рухани тамырын бір кезеңнің үстімен өлшеуге тырысып жатқанын халық неге түсінбейді? Егер 7 ғасырға дейін қазақ мұсылман болмаса, содан бергі мың жылдан аса дәуір не үшін жоққа шығарылуы керек?» – дейді ол.
«Тәңіршілердің сөзі»
Данияр Кенжеұлы Баян Алагөзованың сөзінен тәңіршілердің сөзі байқалатынын айтып қалды.
«Үш-төрт миллион тәңірші ғана ақиқатты, қалғандары ақиқаттан адасты ма? Егер ислам 7 ғасырда емес, одан ертерек келсе, қазақ оны қабылдамай қоятындай халде ме еді?.. «Тәңіршілдікпен өмір сүріп, исламды еріксіз мойындаған ел еді» деген астар жатыр», – деп ой түйеді имам.
Демек, имамның сөзіне қарағанда, Баян Алагөзова тәңіршілдікті қолдаған болып шығады.
«Байкот – шайға емес, ниетке бағытталған»
«Макси» чайға неге бойкот жариялағынын Данияр Кенжеұлы тағы да нақтылап өтті. Ол тауарға емес, ниетке наразылық білдіргенін алға тартты.
«Макси шайдың не жазығы бар?» деп сұрап жатқандарға ештеңе айтқым келмейді. Себебі бәрі түсінікті. Ешкім білмей отырған жоқ. Бірақ білгісі келмейтіндер бар. Менің сөзім шайға арналмаған. Ол жердегі үнге, ниетке, астарға бағытталған. Әркім өз шегін өзі белгілейді. Мен өзімдікін көрсеттім. Болды», – дейді ол.
Даудың басы қалай басталды?
Мұсылман жамағаты имамның сөздеріне қолдау білдіріп, бойкотқа қосылатындарын айтып жатыр. Тәңіршілер мен зайырлы қауым Баян Мақсатқызына қолдау білдіруде. Бұл жайттың қоғамды екіге жарғаны байқалады.
Дау-дамайға Баян Алагөзованың «қазақтар ислам дінін қабылдамаған» деген мәлімдемесі түрткі болды. Бұған имам Данияр Кенжеұлының бойкот туралы бастама көтеруіне әкеліп соқты. Ол мұсылмандарды Maxi шайды алмауға шақырды.
Мұның алдында Баян Алагөзова Рүстем Жүгінісовті жауапқа тартуды сұраған еді.