Мұғалімдерді жөндеу жұмыстарына жеккен директор қызметінен қуылды
Жарияланды

Мұғалімдерді жөндеу жұмыстарына жеккен әндіжандық директор қызметінен кетті. Оқиға Мархамат ауданында болған.
Kun ақпаратына қарағанда, №42 мектептің директоры қызметтік міндеттеріне кірмейтін жұмысты мұғалімдерге орындатуға жол берді» деген айыпталды.
Мұның алдында әлеуметтік желіде мектепте жөндеу жұмыстарын жасап жүрген мұғалімдер бейнеленген бейнежазба тарап кеткен болатын.
Мән-жайды анықтау барысында ұжым «жөндеу жұмыстарын өз еркімен жасағандарын айтқан. Бірақ аудандық білім басқармасы бұл уәжге тоқтамады. Директор сонда да қызметімен қош айтысып отыр.
Айта кететін жайт, НЗМ-да шетелдік мұғалімдер жергілікті ұстаздардан 4,5 есе жоғары жалақы алғаны мәлім болды.