ChatGPT шығарған компания құны 500 млрд долларға жақындады

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Фото: REUTERS/Dado Ruvic
Фото: REUTERS/Dado Ruvic

ChatGPT иесі OpenAI акция сату жөнінде инвесторлармен келіссөз жүргізіп жатыр. Сол кезде оның құны 500 млрд долларға жетіп, әлемнің ең ірі технология компаниясына айналады. Бұл туралы Financial Times хабарлайды.

OpenAI бұған дейін 40 млрд доллар қаржы тартқан уақытта, басты инвестор SoftBank компания құнын 300 млрд долларға бағалаған.

FT дереккөздерінің мәліметінше, енді оның құнын екі есе арттыру мәселесі талқылана бастады. ChatGPT дайындаушы компания бағасы 500 млрд долларға жетсе, осы саладағы ең қымбат ұйымға айналады. Өйткені миллиардер Илон Маскіге тиесілі SpaceX жақында ғана 400 млрд долларға бағаланған.

2022 жылдың аяғында ChatGPT чат-боты іске қосылғалы бері, OpenAI-дың жылдық табысы 12 млрд долларға дейін өсті. 2025 жылдың аяғында оның жылдық табысы 20 млрд долларға жетуі әбден мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыз