Валюта бағамы: теңге бір апта бойы үздіксіз нығайды

Жарияланды 6 Тамыз 2025 16:27

Талғат Дүйсенбек

Талғат Дүйсенбек

Business News бөлімінің тілшісі t.bukharbaev@kursiv.media
Ұлттық қорға 1,4 трлн теңге түседі
Коллаж: kursiv.media; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, 6 тамыздағы күндізгі сауда нәтижесінде 1 АҚШ доллары 536,58 теңге болды. Ұлттық валюта бір аптадан бері үздіксіз нығайып келеді.

Теңгенің күш алуы өткен айдың аяғында Ұлттық банк интервенциясынан кейін басталды. Тамыз айында доллар бір тәулік болса да жоғары көтерілген жоқ.

6 тамыз, сәрсенбі күні төл валюта тағы 0,97 теңгеге нығайды. Доллар бірден құлдырап кетпесе де, валюта нарығында оң үрдіс қалыптасуының өзі маңызды.

Сағат 16.05-тегі мәлімет бойынша, KASE-де бүгін 88 млрд теңгеге, яғни 164 млн долларға валюта саудасы жасалды. Қазақстан үшін қалыпты көрсеткіш. Соған қарағанда, Ұлттық банк валюта нарығына араласып жатқан жоқ.

Дереккөз: KASE
Дереккөз: KASE

Екінші деңгейлі банктер мен ақша айырбастау мекемелерінде де доллар 542 теңгеден төмен бағаға саудаланып жатыр. Kurs.kz мәліметінше, Алматы қаласындағы валюта айырбастау пунктерінде 1 доллар 538 теңгеден сатылып, 540 теңгеден қабылданып жатыр. Астана қаласында, әдеттегідей, бағам сәл жоғарырақ – 534 және 542.

Сондай-ақ оқыңыз