6 тамызда Астананың екі ауданында электр жарығы өшіріледі

Бүгін, 6 тамыз күні Астанада электр қуаты уақытша өшіріледі. Жоспарлы жөндеу және электр монтаждау жұмыстарына байланысты Байқоңыр және Сарыарқа аудандарының бірнеше көшесінде электр қуаты уақытша болмайды. Бұл туралы «Астана-АЭК» АҚ мәлім етті.
Байқоңыр ауданында 10:00-ден 17:30-ға дейін Өндіріс, Сарыжайлау, 36, 34 көшелері, Теректі тұйығы, Ақбидай, Бейнеу, Сүгір Әліұлы көшелері және Гүлзар тұйығында электр жарығы уақытша өшіріледі. Сондай-ақ Ақсу-Жабағылы және Көкше Кемеңгерұлы көшелері де жарықсыз қалады.
Мусоргский, КиеліСай, Бестау тұйығы, Шортанды, Аршалы тұйығы, Ынтымақ және Жетісай көшелерінде жарық 09:30-дан 10:00-ге дейін және 17:00-ден 17:30-ға дейін қысқа мерзімге өшіріледі.
Сарыарқа ауданында 09:30-дан 18:00-ге дейін Абат-Байтақ, Оғыланды, Оқжетпес, К. Байсейітова, Ш. Бейсекова, Нұрмұхамбет Қожахметов, Сұлтанбек Қажахметов, Мұса Жалел көшелері мен Жарсуат тұйығы, Шақпақ, Фахд бен Абдул Азиз, Ақан сері, Гагарин, Дулатов көшелерінде жарық болмайды. Сонымен қатар, Жубилейная, Медеу, Аспара, Катонқарағай, Тобыл, Чехов және Орда көшелері де электр қуатынан уақытша ажыратылады.