Сорбұлақта жоғалған тікұшақ: экипаж мүшелерінің туыстары құрбандық шалды

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Родные, пропавший вертолет, Минобороны

Қорғаныс министрлігі жоғалған әскери тікұшақ экипажының туыстарына психологиялық көмек көрсетіп жатыр. Министрлік қызметкерлері жақындарының барлық өтініштерін орындауда. Атап айтқанда  Алматы облысындағы Сорбұлақ су қоймасында құрбандық шалу рәсімінен бастап, іздестіру барысында халық арасында кең тараған дәстүрлі тәсілдерді де қолданып жатыр.

ҚР Әуе қорғаныс күштерінің қолбасшысы Асқар Ізбасовтың айтуынша, тікұшақ апаты болуы мүмкін деген жерге экипаждың туыстарының өтініші бойынша бірнеше рет имам шақырылып, құрбан шалу рәсімдері өткізілген.

 «Қазан мен жеті нан қою деген наным бар. Туыстары көлге барды. Біз оларға суға жүзуге арналған құралдар бердік. Олар судың ортасына қазан мен нан қойып: «Міне, осы жерден іздеңдер» деді. Біз координаттарды тіркеп, сол жерге сүңгуірлерді жібердік, эхолотпен де қарадық, бірақ ештеңе табылған жоқ. Бұл – халықтық тәсілдер, ғылыми негізі жоқ. Бірақ туыстары сұраған соң, олардың өтінішін орындауға тырысамыз», – деді Әуе қорғаныс күштерінің қолбасшысы Асқар Ізбасов Adal Talk YouTube арнасына берген сұхбатында.

Оның айтуынша, жоғалған тікұшақ экипажын іздеу жұмыстары тоқтамайды және соңына дейін жалғасады.

Еске сала кетейік, EC-145 әскери тікұшағы 2025 жылғы 25 шілдеде Луговойдан ұшып шығып, радардан жоғалып кетті. Оның бортында экипаждың үш мүшесі болған. Экипаж мүшелері әлі табылмай жатыр. Тек бес күннен кейін жоғалған әскери тікұшақ экипажы мүшелерінің жеке заттары табылды. ТЖМ мамандары жоғалған тікұшаққа тиесілі болуы мүмкін алғашқы бөлшектерді тапты.

Сондай-ақ оқыңыз