УАЗ «Хантер» өндірісі жалғасады. Жаңа нұсқа қандай болады?

Жарияланды 6 Тамыз 2025 11:18

Азамат Серікхан

Азамат Серікхан

General News бөлімінің аға тілшісі a.serikkhan@kursiv.media
УАЗ «Хантер» жол талғамайтын көлігі қайтадан сертификаттаудан өтті / Фото: gazeta.ru

Ульянов автозауыты УАЗ «Хантер» жол талғамайтын көлігіне көлік құралының типін мақұлдау туралы құжатын (ОТТС) алды. Бұл дегеніміз модельдің өндірісі қайтадан жанданады. Ақпаратты «Автопоток» Telegram арнасы хабарлады.

«Хантердің» жабдықталуында ешқандай өзгерістер болмайды. Айта кетейік бұрын бұл жол талғамайтын көлікте қауіпсіздік жастығының болмауы мәселе тудырған еді. Алайда оны N1G санатына ауыстыру арқылы бұл талапты айналып өтуге мүмкіндік туған. Соңғы жылдары бұл модельдің өндірісі аз көлемде жүзеге асып келеді. Жылына бар болғаны жүздеген дана ғана шығарылып келді.

Фото: uazbuka.ru

УАЗ «Хантер» тарихы

«Хантер» жол талғамайтын көлігінің тарихына тоқталар болсақ, 1972 жылы Ульянов автозауытында әйгілі ГАЗ-69-дың орнын УАЗ-469 алмастырып, шығарылымы басталды. Жаңа модельдің агрегаттық базасы 21-ші «Волгадан» алынған, ал конструкциясы әскери жағдайларда пайдалану үшін мейлінше қарапайым етіп жасалған.

kolesa.kz

1985 жылы көліктің индексі 3151 болып өзгертілді, ал 2003 жылы аңызға айналған модельге «Хантер» деген атау берілді (экспорттық нарықтарға бейімделу мақсатында Hunter деп аталды). Осы уақыт ішінде қозғалтқышы мен беріліс қорабы ауысып, бастапқыда Spartan стиліндегі салон қазіргі заманға сай жайлылық элементтерімен толықты.

Ульяновтың өзге де «буханкасымен» бірге бұл модель әлі күнге дейін өндірісі тоқтамаған әлемдегі ең ескі автокөліктердің бірі.

Еске салсақ осыған дейін АВТОВАЗ компаниясы ресми түрде Niva Legend жол талғамайтын көлігінің жаңа нұсқасын таныстырған еді. Аталған модель 280 ат күшіне ие және қуатты қозғалтқышпен жабдықталған және жолсыз жерде жоғары жылдамдықпен жүруге арналған.

Сондай-ақ оқыңыз