Қазақстандықтарға 70 мың теңгеден беріледі деген хабарлама тарап жатыр
Жарияланды

Әлеуметтік желілер мен мессенджерде 1949-2010 жылдары туған азаматтарға 70 000 теңге аударылатыны туралы ақпарат тарап жатыр. Қаражатты алу үшін азаматқа сілтеме арқылы өтуді ұсынады.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мұны жоққа шығарды.
«Әлеуметтік көмектің мұндай түрі жоқ екенін хабарлаймыз. Көрсетілген сілтеме алаяқтар үшін азаматтардың жеке деректерін алу тәсілі болуы мүмкін. Сондықтан сілтеме арқылы өтпеуге кеңес береміз», – деп мәлімдеді министрлік.
Мемлекеттік қолдау туралы ресми ақпарат тек 1414 нөмірінен СМС-хабарлама арқылы келеді.
Айта кетейік, бұған дейін БЖЗҚ да азаматтарды сақ болуға шақырды.