Алматыда онкологияның қай түрі жиі анықталады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Алматыда онкологиялық аурулардан қайтыс болатындар саны азайды/фото: shutterstock

Алматыда онкологиялық аурулардан қайтыс болатындар саны азайды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Ведомство 2025 жылдың 6 айының қорытындысын шығарған. 2019 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 30%-ға төмендеп, 100 мың тұрғынға шаққанда 60,2-ні құраған.

«2019 жылы 0-I кезеңдерде обырды анықтау үлесі 33,6%-ды құраса, 2025 жылдың ортасына қарай 39,9%-ға жетті», – делінген ақпаратта.

Ал кеш сатыда (III–IV) анықтау жағдайына келсек, 2019 жылы мұндай жағдайлар 10% болған. 2025 жылы – 7%.

Қалада жарты жылда жатыр мойны обырына 46 мыңнан астам әйел зерттеліп-қаралды. Олардың 80%-ы бірінші кезеңде анықталды. 411 обыралды жағдайы да анықталды.

«Сүт безі обырының скринингі бойынша 60 мыңнан астам әйел зерттеліп-қаралды, обырдың 104 жағдайы, оның 62,5%-ы бірінші кезеңде анықталды. Колоректалдық обыр скринингінің шеңберінде 62 мың адам зерттеліп-қаралды, аурудың 19 жағдайы, олардың жартысына жуығы да бастапқы кезеңде анықталды. Сонымен қатар 240-тан астам адамда обыралды өзгерістер анықталды», – делінген ақпаратта.

Айта кетейік, Алматыда тіркелген барлық онкологиялық аурулардың ішінде сүт безі обыры, колоректалдық обыр, өкпе обыры, қуықасты безі обыры және асқазан обыры жиі кездеседі.

Сондай-ақ оқыңыз