BIG Шанхай кәсіпкерлері енді несиесін кейінге шегере алады
Жарияланды

«BIG Шанхай» базарындағы өрттен зардап шеккен 263 кәсіпкерге ресми анықтама берілді.
Кәсіпкерлер жедел штаб арқылы Төтенше жағдайлар департаментінен арнайы анықтама алған. Бұл құжат несиені шегеруге мүмкіндік береді. Анықтамалар банктер мен микроқаржы ұйымдарына жолданды. Бұл туралы Respublica партиясы хабарлады.
Несиені шегеру үшін не істеу керек?
- Базар әкімшілігіне барып, сауда орнының жалға алу шартының көшірмесін алу қажет;
- Сол құжатпен бірге төтенше жағдайлар департаментіне жүгініп, келтірілген шығын туралы анықтама алу керек;
- Анықтаманы банкке немесе микроқаржы ұйымына өткізіп, несиені шегеру немесе қайта құрылымдау мәселесін қарастыруға болады.
Айта кетейік, BIG Шанхай базарындағы өрт салдарынан 300-ден астам кәсіпкер зардап шекті. Сауда министрі Арман Шаққалиевтің айтуынша, шығынның нақты көлемі әлі анықталып жатыр.