
Жамбыл облысында аяғы ауыр әйелін өлтірген ер адамға үкім шықты.
Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігінің 4-тармағы бойынша түскен қылмыстық істі қарады.
Қайғылы оқиға 2024 жылдың тамызында Қордай ауданы Масаншы ауылында болған. Үй ауласында сотталушы мен оның әйелі арасында отбасылық-тұрмыстық қатынастар негізінде жанжал туындаған. Ер адам әйелінің жүктi екенін біле тұра тесетін-кесетін затпен әйелдің мойнынан ұрған.
Әйел оқиға орнында қаза болған.
Сотталушы кінәсін мойындамады.
Сот үкім шығарар кезде ер адамның кәмелетке толмаған балалары бар екенін ескерді.
Сот үкімімен ер адам адам өлтіргені үшін кінәлі деп танылды. 15 жылға бас бостандығынан айырылды.