Қазақстанның Таиландтағы елшісі тағайындалды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Марғұлан Баймұхан жаңа қызметке тағайындалды/фото: Ақорда

Марғұлан Баймұхан Қазақстанның Таиландтағы елшісі қызметіне тағайындалды. Ақорданың хабарлауынша, Баймұхан БҰҰ Азия мен Тынық мұхитқа арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясы жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі қызметін қоса атқарады.

Айта кетейік, 5 шілдеде Марғұлан Баймұхан Қазақстанның Бельгия Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі, Еуропа Одағының жанындағы және Солтүстік Атлант Шарты ұйымындағы (НАТО) Қазақстан өкілдігінің басшысы, Люксембург Ұлы Герцогтігіндегі елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.

Сондай-ақ оқыңыз