Қамауға алынған вице-министр қызметінен босатылды
Жарияланды

Пара алды деген күдікпен ұсталған көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиев қызметінен босатылды. Ақпаратты Үкіметтің баспасөз қызметі растады.
Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі вице-министрді ұстады. Аблалиев сот санкциясымен қамауға алынған.
«Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», – деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі.
Комитет жариялаған видеода вазадан доллар түріндегі ақша табылғаны көрсетілген.
Айта кетейік, Аблалиев 2023 жылдан бері Көлік вице-министрі қызметін атқарды.