Алакөлде 17 жастағы жасөспірім суға батып кетті

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Алакөлде 17 жастағы жасөспірім суға кетті
Алакөлде 17 жастағы жасөспірім суға батып кетті/Фото: shutterstock

Алакөлдің Абай облысы жағындағы шығыс жағалауында 17 жастағы жасөспірім суға батып кетті. Бұл туралы Tengrinews.kz басылымы хабарлады.

Белгілі болғандай, жасөспірім шомылуға арналмаған аумақта құтқару жилетісіз қайықтан суға секіріп, қайта шыға алмаған.

32 жастағы қайық иесі қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсеткені абайсызда адам өліміне әкеп соққаны үшін тергеуге алынған.

«Анықталған алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы оқиға Алакөл көлінің шомылуға арналмаған аумағында болған. Жағадан шамамен 500 метр қашықтықта 17 жастағы жасөспірім құтқару жилетісіз қайықтан суға секіріп, батып кеткен», – деп мәлімдеген Абай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Департамент қазіргі уақытта қажетті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын атап өткен.

Бұған дейін, мәжіліс депутаты тынығып жүрген Қапшағайдағы жағажайлардың бірінде әйел адам суға батып кеткен.

Сондай-ақ оқыңыз