Грант иегерлерінің тізімі шықты

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Грант иегерлерінің тізімі шықты
Грант иегерлерінің тізімі шықты/Фото: shutterstock

Ғылым және жоғары білім министрлігі мемлекеттік грант иегерлерінің тізімі жарияланғанын хабарлады.

Грант иегерлерінің тізімін мына жерден көруге болады.

Биыл конкурсқа қатысу үшін шамамен 113 мың өтініш қабылданған. Талапкерлер арасында ең сұранысқа ие білім беру бағыттары – «Педагогикалық ғылымдар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары», сондай-ақ «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар».

Ал 2025-2026 оқу жылына 77 мыңнан астам грант бөлінген. Оның 60%-ы техникалық бағыттағы мамандықтарға арналып отыр. 20%-ы педагогикалық мамандықтарға, ал қалған 20%-ы қажеттілікке байланысты әртүрлі салаға жіктелген.

Грант бөлу кезінде квоталық категориялар ескеріліп, арнайы квоталар қарастырылды:

  • мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыдан шыққан балаларға.
  • жетім балалар немесе мүгедектігі бар балаларға;
  • көпбалалы және толық емес отбасынан шыққан балаларға;

Бұған дейін, Астананың 6 университеті жергілікті грантқа құжат қабылдайтнын хабарлағанбыз.

Сондай-ақ оқыңыз