8 жасар Алуаны аяғынан айырған жол апатына кінәлі жүргізушінің ісі тоқтатылды

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
8 жасар Алуаны аяғынан айырған жол апатына кінәлі жүргізушінің іс тоқтатылды
8 жасар Алуаны аяғынан айырған жол апатына кінәлі жүргізушінің ісі тоқтатылды/Коллаж: KursivMedia

Астана қаласының Полиция департаменті жарнама бағанына соғылған автобус жүргізушісінің үстінен қозғалған қылмыстық іс рақымшылық аясында тоқтағанын хабарлады.

Департамент мәліметінше, жүргізуші жол жүру ережелерін бұзып, адамның денсаулығына зиян келтіру фактісі бойынша кінәлі деп танылған. Алайда «Амнистия туралы» Заңға сәйкес күдікті тарапынан қылмыстық қудалауды тоқтату туралы өтініш түскен. Осыған байланысты қылмыстық іс амнистия актісіне сәйкес тоқтатылған.

Қылмыстық іс тоқтатылғанымен, жүргізуші қылмыстық жауапкершілікке тартылған деп есептеледі. Сонымен қатар, құқық бұзушылық пен басқа да заң бұзушылықтарға себеп болған мән-жайларды жою мақсатында Астана қаласының әкімдігіне ұсыныс жолданған.

2 маусымда Астанада жолаушы автобусы ақпараттық бағанға соғылған. Жол апатынан 15 адам зардап шеккен. Үш жолаушы ауруханаға түскен. Дәрігерлер бір айдан соң 8 жасқа толатын Алуа Бекеннің екі аяғын кесуге мәжбүр болған.

Еңбек министрінің айтуынша, кінәлі тарап апаттан кейін 19 млн теңге сақтандыру төлейтінін айтқан. Одан бөлек Алуаға бірінші топтағы мүгедектік беріліп, айына 100 мың теңге шамасында жәрдемақы төленеді. Анасы баланы күткені үшін 78 мың теңге алып отырады. Сондай-ақ Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Алуаның отбасына Астанадан үй берілетінін айтқан.

Жол апатын жасаған автобусқа иелік ететін автопарк 8 жасар Алуа мен оның бауырларының өмір бойғы шығынын мойнына алатынын айтып, кейін берген уәдесінен тайқып кеткен. Ал жаңа оқу жылында сабақты үйден оқиды.

Сондай-ақ оқыңыз