Жаркент вокзалын көшіріп жібергісі келген әкім орынбасары айыппұл арқалады
Жарияланды

Жетісу облысы Панфилов ауданының прокуратурасы мемлекеттік органдардың қызметіне мониторинг жүргізу барысында кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіретін әрекеттердің орын алу фактісін анықтағанын хабарлады.
Аудан әкімінің орынбасары «Үркер» ЖШС-не қолданыстағы автовокзалды Жаркент қаласынан тыс жерге көшіру туралы талаппен хат жолдаған.
Кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін кінәлі тұлға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 173-бабы бойынша жауапкершілікке тартылып, 190 мың теңгеден астам сома айыппұл арқалаған. Сол арқылы кәсіпкерлік субъектісінің құқықтары қалпына келтірілген.
Бұған дейін, бас прокуратура ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырған бас есепші сотталғанын хабарлаған.