2026 жылдан тұрғын үйді табиғи апаттан міндетті сақтандыру енгізілмек

Қазақстанда 2026 жылдан бастап тұрғын үйді табиғи апаттан міндетті сақтандыру енгізіледі. Бұл туралы вице-премьер Қанат Бозымбаев баспасөз мәслихатында айтты.⠀
Оның мәлімдеуінше, қазір мемлекеттік органдармен бірлесіп, табиғи апаттн келген залалды сақтандырумен айналысатын мемлекеттік сақтандыру компаниясын құру мәселесі қарастырылып жатыр. Компания жиналған қаражатты қайта сақтандыруға бағыттайды.
Сантардыру міндетті болмақ және үш негізгі қатер қаупі жоғары өңірлерге енгізіледі:
- жер сілкінісі (елдің оңтүстік және шығыс өңірлері);
- су тасқыны (шамамен алты өңір);
- орман және дала өрттері (барлық өңірлер, бір-екі облыстан басқа).
Сақтандыру жарнасы жылына бір рет төленеді. Жарна мөлшері әзірге белгісіз, өйткені алдымен тұрғын үйдің құны бағаланады.
«Шалғай ауылдағы үй мен Алматыдағы коттеджді теңестіруге болмайды, сондықтан жарна әртүрлі болады. Бұл халықтың орта немесе төмен табыс табатын бөлігіне ауыр салмақ болмайды деп ойлаймыз», – деді Бозымбаев.
Жаңа жүйе ірі табиғи апаттар кезінде өтемақы төлеуге мүмкіндік береді.
⠀
Вице-премьер Түркияны мысалға келтірді: мұндай қор арқылы елде жер сілкінісінен кейін бірнеше миллиард доллар өтемақы төленген.
«Мемлекеттік резерв бар, бірақ ауқымды шығын үшін қосымша құралдар қажет. Сондықтан халықаралық тәжірибені қолдану маңызды», – деді вице-премьер.
ЮНИСЕФ мәліметі бойынша, Қазақстан аумағының 75%-ы табиғи апаттар қаупі жоғары аймаққа жатады.
Бұған дейін Қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігі осы мақсатта арнайы қаулы жобасын жасаған. Қазіргі кезде елімізде жылжымайтын мүлік ерікті сақтандыру үлесі өте төмен.