Америкалықтар Шу ауданында Диснейленд салмақшы

Жарияланды 7 Тамыз 2025 14:44

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Америкалықтар Шу ауданында Диснейленд салмақшы / фото: ашық дереккөз

Қырғызстанның Шу облысында, Тоқмақ қаласының маңында халықаралық деңгейдегі алғашқы Диснейленд тематикалық ойын-сауық паркі салынады. Жобаны әлемге әйгілі IdeAttack, Inc. америкалық компаниясы жүзеге асырады. Бұл — компанияның Орталық Азиядағы алғашқы жобасы болмақ.

Қырғызстандық Kabar агенттігінің хабарлауынша, жоба аясында Қырғызстанның Туризмді дамыту қорымен және Шу аймақтық әкімдігімен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылған. Паркті салуға арналған 50 гектар жер телімі бөлінген және ол халықаралық талаптарға толық сәйкес келеді. Жобаны дайындау және келіссөздер 2024 жылдың басынан бері жүргізіліп келеді.

Болашақ парк Қырғызстанның мәдени және тарихи мұрасынан шабыт ала отырып салынады.

Мұнда келушілерге:

  • Орталық Азия фэнтези архитектурасы, «Манас» эпосына негізделген аттракциондар мен шоу,
  • Ұлы Жібек жолына арналған тақырыптық аймақтар,
  • Ұлттық музыка мен биден тұратын жарқын қойылымдар,
  • Киіз үй жасау, киіз өңдеу, атқа міну, ұлттық тағам дайындау бойынша шеберлік сабақтары ұсынылады.

Ашылу уақыты нақты белгісіз. Қазіргі таңда жобалау және келісім процесі жалғасып жатыр. Мұндай ауқымды жобаларды іске асыру бірнеше жылды қажет ететіндіктен, құрылыс жақын арада басталса да, саябақтың ашылуы 2027 жылдан ерте болмайтыны айтылып отыр.

Сондай-ақ оқыңыз