Тұрсынбектің әйелі Мөлдір Мұқан тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы айтты

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
«Бір кезде сені сүйгенмін. Бірақ сен мені әлсіз етіп, өзіңе бағынышты еткің келді», - деп жазды Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқан / фото: ашық дерек
«Бір кезде сені сүйгенмін. Бірақ сен мені әлсіз етіп, өзіңе бағынышты еткің келді», – деп жазды Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқан / фото: ашық дерек

Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқан тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы әлеуметтік желіге екіұшты жазба қалдырды.

«Сен менсіз ешкім емессің” дедің, сол сәтте мен үнсіз қалдым. Бір кезде сені сүйгенмін. Сөзіңе сенгем. Мені қолдайды, қорғап жүреді деп ойлағам. Бірақ сен мені әлсіз етіп, өзіңе бағынышты еткің келді», – деп жазды Мөлдір Мұқан.

Тұрсынбек Қабатовтың жары қыздарды тұрмыстық зорлық-зомбылыққа төзбеуге шақырып отыр.

«Қыздар, егер біреу сізге дауыс көтерсе — бұл зорлықтың бастамасы. Егер біреу сені итерсе, шапалақпен ұрса — бұл зорлықтың жалғасы. Егер біреу саған «Сен менсіз ешкім емессің» десе — бұл психологиялық қысым!» – деп пікір білдірді.

Оның пікірінше, сенің өміріңде ешкімнің дауыс көтеруге, қол көтеруге, қадіріңді таптауға құқығы жоқ.

«Сен – құндысың. Сен – нәзік, бірақ мықтысың. Сен – тыныш, қауіпсіз өмірге лайықсың», – деп нәзік жандыларға дем беруді ұйғарыпты.

Мұның алдында Тұрсынбек Қабатовтың  Мөлдір Мұқанованы туған күнінде ернінен сүйіп, бір шоқ гүл сыйлағаны туралы видео тараған еді.

Сондай-ақ оқыңыз