Бұршақ, жаңбыр, дауыл: 8 тамыздағы ауа райы

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Бұршақ және қолшатыр / фото: shutterstock
Бұршақ және қолшатыр / фото: shutterstock

8 тамызда Қазақстанның орталық, солтүстік және шығыс өңірлерінде бұршақ аралас жаңбыр жауады. Оңтүстік және батыс өңірлерде ауа температурасы 41 градусқа дейін көтеріледі. Бұл туралы Қазгидромет хабарлайды.

Жұма күні Абай, Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында жаңбыр жауып, бұршақ түседі. Ақтөбе мен Павлодар облыстарында да найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман түседі.

Астана қаласында күндіз бұршақ аралас жаңбыр жауып, дауыл тұрады. Елордада солтүстік-шығыстан жел соғады. Оның екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Қазақстанның оңтүстік және батыс өңірлерінде күн ыстық болады. 8 тамызда күндіз Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Күндіз ауа температурасы 41 градусқа дейін көтеріледі. Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облыстарында өрт қаупі жоғары.

Батыс Қазақстан облысында күндіз 35 градус ыстық болады. Атырау өңірінде ауа температурасы 38 градусқа дейін көтеріледі.

Сондай-ақ оқыңыз