Оқуға түскен азаматтар грант куәлігін қайдан алады

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Фото: shutterstock
Фото: shutterstock

7 тамызда Қазақстанда оқу гранты иегерлерінің тізімі жарияланды. Оқуға түскен азаматтарға грант куәлігі беріледі. Kursiv.Media оны қайдан, қалай алуға болатынын түсіндіреді.

Тізімдегі 77 мыңнан астам азамат грант куәлігін grant.testcenter.kz сайтынан ала алады. Ұлттық тестілеу орталығы грант куәлігі үш жұмыс күні ішінде дайын болатынын хабарлады.

Орталық сайтына кіріп, жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) мен тест тапсырушының жеке нөмірін (ТЖК) енгізу қажет. Сол арқылы сіз куәлікті жүктеп ала аласыз.

Тест тапсырған азаматтардың ТЖК нөмірі грант байқауына қатысуға ұсынылған ҰБТ сертификатында жазулы тұрады.

2025 жылы білім байқауына шамамен 113 мың өтініш қабылданған. Мемлекеттің білім гранттарының 60%-ы техникалық мамандыққа бөлінген.

Сондай-ақ оқыңыз