Тағы бір ел Трампты Нобель сыйлығына ұсынды

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Дональд Трамп / фото: shutterstock

Камбоджа билігі АҚШ президенті Дональд Трампты Нобель бейбітшілік сыйлығына ұсынды. Осы елдің үкіметі Трампты Таиландпен арадағы қақтығысты тоқтатуға үлес қосты деп есептейді. Бұл туралы Bloomberg хабарлайды.

7 тамызда Камбоджа премьер-министрі Хун Манет Норвег Нобель комитетіне хат жазды. Ол Трамптың Камбоджа мен Таиланд арасындағы қарулы жанжалды доғаруға қосқан үлесін атап өтті.

Бұған дейін Трамп Камбоджа билігін көрші елмен астысты тоқтатпаса, сауда келісімін тоқтатып тастаймын деп қорқытқан. Содан кейін Оңтүстік-Шығыс Азиядағы елдер бейбіт келісімге келген.

Камбоджа мен Таиланд арасында бес күнге созылған қарулы қақтығыс барысында ондаған адам қаза тапты. 300 мыңнан аса адам шекара маңындағы үйін тастап кетуге мәжбүр болды.

АҚШ президенті әлемдегі жанжалдарды шешкені үшін Нобель бейбітшілік сыйлығына лайықты екенін талай мәрте айтқан.

Естеріңізге сала кетейік, 21 маусымда Пәкістан билігі Трампты Нобель бейбітшілік сыйлығына ұсынған. Сол кезде осы елдің үкіметі Ақ үй қожайынының Пәкістан мен Үндістан арасындағы қарулы қақтығысты тоқтатуға қосқан үлесін атап өткен.

Сондай-ақ оқыңыз