
Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, сағат 15.30-да 1 АҚШ доллары 539,38 теңге болады. Доллар бір тәулікте 2,80 теңгеге қымбаттады. Ұлттық валюта ақша айырбас мекемелерінде 544 теңгеден сатылып жатыр.
Алты күн бойы үздіксіз көтерілген теңге бейсенбі күні долларға жол берді. KASE-дегі күндізгі сауда барысында Құрама Штаттар валютасы 2,80 теңгеге нығайды.
Қор биржасындағы валюта саудасы барысында шамамен 85 млрд теңгеге, яғни 157 млн долларға сауда жасалды. Ұлттық банк биржадағы валюта саудасына араласып жатқан жоқ.
Қазақстандағы екінші деңгейлі банктерде көк қағаз 540 теңгеден жоғары көтерілген жоқ. Дегенмен ақша айырбастау мекемелерінде АҚШ валютасы 544 теңгеден сатыла бастады.
Kurs.kz мәліметінше, қазір Алматы қаласындағы валюта айырбастау пункттерінде 1 доллар 539,5 теңгеден қабылданып, 540,3 теңгеден сатылып жатыр. Астанада, әдеттегідей, бағам сәл жоғарырақ – 536 және 544.
Қаржыгерлер қауымдастығы сарапшыларының бағалауынша, алдағы уақытта теңге бағамы нығая түсуі ықтимал.
Теңгенің күшеюі өткен айдың аяғында Ұлттық банк интервенциясынан кейін басталды. Орталық банк теңгені қолдау үшін өз резервінен 125,6 млн доллар сатқан.