Жаңалықтар

Трамп: Қытай Ресейді қолдауын тоқтатпаса, қайталама санцияға ілігуі мүмкін

Дональд Трамп
Трамп Қытай санкциялы ілігіп кетуі мүмкін деп мәлімдеді / Фото: shutterstock, бильд-редактор Ахтам Зиперов

АҚШ президенті Дональд Трамп Қытай қайталама санкцияға ілігуі мүмкін деп сес көрсетті. Оның айтуынша, Қытай Украинаға қарсы соғыста Ресейді қолдауын тоқтатпаса, АҚШ жауап ретінде қатаң шаралар қабылдайды.

Бұл мәлімдемені Трамп 6 тамызда журналистерге берген сұхбатында айтты. Ол Ресей мен Украина арасындағы соғысты тоқтату үшін нақты келіссөздер қажет екенін, егер мұндай қадамдар жасалмаса, АҚШ санкциялық қысымды күшейтетінін ескертті.

Президент Қытайдың Ресеймен сауда байланысын, әсіресе мұнай сатып алуды ерекше атап өтті. Егер Қытай санкцияларды айналып өтуге көмектессе, оған да қатаң шара қолданбақ.

Трамп Үндістанға тариф енгізілгенін айтып, дәл сондай әрекет Қытайға да қатысты болуы мүмкін екенін қосты. Бұл қадамдар АҚШ-тың Ресейдің қаржы көздерін шектеуге тырысып жатқанын көрсетеді.

Мұндай мәлімдеме Трамптың арнайы өкілі Стив Уиткоффтың Ресейге сапарынан кейін жасалды. Уиткофф Мәскеуде президент Путинмен кездесіп, Украинадағы соғыс және АҚШ-пен Ресей арасындағы ықтимал ынтымақтастықты талқылаған.

Оған қоса Трамп алдағы уақытта Путин және Зеленскиймен жеке-жеке және үшжақты форматта кездесу өткізуге дайын екенін айтты. The New York Times басылымының хабарлауынша, алғашқы кездесу келесі аптада өтуі мүмкін.

Дегенмен Трамп қазіргі келіссөздерді «ірі жетістік» деп санамайды. Оның айтуынша, бейбітшілікке жетуге әлі ұзақ жол бар. Ол Ресей мен Украина арасындағы соғысты тоқтату үшін бұған дейін берген 50 күндік мерзімді 10 күнге дейін қысқартқанын да еске салды. Оған қоса Путинді тоқтану үшін мұнай бағасы 10 доллар дейін түсіремін деп мәлімдеді.

Егер осы уақыт ішінде қос тарап нақты келісімге келе алмаса , АҚШ жаңа шаралар қабылдайды. Оның ішінде – Ресейден мұнай сатып алып отырған елдерге де санкциялар салу.